8 Наурыз мерекесімен!
Құрметті әріптестер! Барлықтарыңызды Халықаралық Әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің шуақты күндеріндегі осы ізгі лебіздер мен жүрекжарды құттықтаулар тек Сіздерге арналады. Білім беру саласындағы істеп жатқан еңбектеріңіз әрқашан жемісті болып, алға қойған арман – мақсаттарыңыз орындала берсін. Сіздердің атқарып жатқан істеріңіз әрқашанда бағалануға лайық деп білеміз. 8 наурыз мерекесімен бірге әр шаңыраққа бақыт – береке ұяласын, дәл осы мейрамда жақын туыстарыңыз Сіздерге айтар жылы лебіздерін аямасын дегім келеді. Жанұяларыңыз шаттықа толып, дастархандарыңыз мол болсын. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен берекелі ұзақ ғұмыр тілейміз.

Дорогие женщины!
Есть много праздников в стране,
Но женский день отдан Весне,
Ведь только женщинам подвластно
Создать весенний праздник - лаской.
Так будьте добрыми, простыми,
Всегда с улыбкой на лице! ... Читать дальше »
Просмотров: 1203 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/03/2010 | Комментарии (0)

Мектебіміздің мәжіліс залында наурыздың 3-5 аралығында халықаралық әйелдер күніне арналған бірнеше тағылымдық-тәрбиелік мәні жоғары шаралар өткізілді. Алдымен бастауыш сыныптардағы қыздар арасында "Сен сұлу" атты байқау өтті. Онда 1-сынып оқушысы Ерсайынова Аяулым топ жарды, сонымен қатар көзге түскен 4-сынып оқушысы Аубакирова Әйгерімді атап өту керек. Мерекелік шаралардың жалғасы 5-8 сыныптар қыздары арасында ұйымдастырылған "Көктек аруы" байқауымен әрленді. Осынау сында Гран-приді 7-сынып оқушысы Белгібаева Орынгүл жеңіп алса, бірінші жүлдені 6-сынып оқушысы Сәдуақасова Айнұр қанжығасына ьайлады,ал екінші орын 6-сынып оқушысы Рыбалевская Янаға бұйырды. Жұма күні түске жақын мезгілде бастауыш сыныптар оқушылары өздерінің ана-әжелеріне арнап "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" атты мерекелік концерт қойып берді. Сол күні түстен кейін ауылдық тұрғындарға арналған үлкен мерекелік думан өткізілді.
Просмотров: 1228 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/03/2010 | Комментарии (0)

Жуырда сайт бетінде мұғалімдер арасында пән олимпиадасының аудандық туры өткенін хабарлап едік. Онда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аталмыш сын Интернет арқылы қашықтық түрде ұйымдастырылғанының қоса айтқанбыз. Бірақ оның нәтижесі әзірге белгісіз болған-ды. Келген қорытынды көңілден шықты, өйткені географиядан тіркеліп, орындаған тапсырмаларын жіберген Елеусізова Н.М. жеңімпаздар қатарынан табылып, облыстық олимпиадаға жолдама алды. Бәрекелді!
Облыстық дода Еуразиялық инновациялық университетте наурыздың 4-інде өткізілді. Осынау сында аудан намысын Елеусізова Н.М. қорғап келді. Бұл - біздің мектеп үшін бірегей жетістік, абырой һәм даңқ!
Просмотров: 903 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/03/2010 | Комментарии (0)