08:21
Бәрекелді, Нұркамал Мұхтарханқызы!
Жуырда сайт бетінде мұғалімдер арасында пән олимпиадасының аудандық туры өткенін хабарлап едік. Онда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аталмыш сын Интернет арқылы қашықтық түрде ұйымдастырылғанының қоса айтқанбыз. Бірақ оның нәтижесі әзірге белгісіз болған-ды. Келген қорытынды көңілден шықты, өйткені географиядан тіркеліп, орындаған тапсырмаларын жіберген Елеусізова Н.М. жеңімпаздар қатарынан табылып, облыстық олимпиадаға жолдама алды. Бәрекелді!
Облыстық дода Еуразиялық инновациялық университетте наурыздың 4-інде өткізілді. Осынау сында аудан намысын Елеусізова Н.М. қорғап келді. Бұл - біздің мектеп үшін бірегей жетістік, абырой һәм даңқ!
Просмотров: 905 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: