08:31
Мерекелік шаралар легі
Мектебіміздің мәжіліс залында наурыздың 3-5 аралығында халықаралық әйелдер күніне арналған бірнеше тағылымдық-тәрбиелік мәні жоғары шаралар өткізілді. Алдымен бастауыш сыныптардағы қыздар арасында "Сен сұлу" атты байқау өтті. Онда 1-сынып оқушысы Ерсайынова Аяулым топ жарды, сонымен қатар көзге түскен 4-сынып оқушысы Аубакирова Әйгерімді атап өту керек. Мерекелік шаралардың жалғасы 5-8 сыныптар қыздары арасында ұйымдастырылған "Көктек аруы" байқауымен әрленді. Осынау сында Гран-приді 7-сынып оқушысы Белгібаева Орынгүл жеңіп алса, бірінші жүлдені 6-сынып оқушысы Сәдуақасова Айнұр қанжығасына ьайлады,ал екінші орын 6-сынып оқушысы Рыбалевская Янаға бұйырды. Жұма күні түске жақын мезгілде бастауыш сыныптар оқушылары өздерінің ана-әжелеріне арнап "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" атты мерекелік концерт қойып берді. Сол күні түстен кейін ауылдық тұрғындарға арналған үлкен мерекелік думан өткізілді.
Просмотров: 1229 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: