Құрметті әріптестер, қызметтестер, оқушылар, ата-аналар!
Баршаларыңызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жыл мезгілінің осы сәтінен бастап әлем дүние жаңарып, Жер анамыз құлпыра түседі. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқап дегендей көптен күткен Әз Наурыз баршаларыңызға береке әкелсін!
Қазақ елінің гүлденуі мен көркеюі жолындағы Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұлан-ғайыр деп білеміз.
Еліміздің әл-ауқаты артып, білім саласындағы, оқу жолындағы һәм тәрбие арнасындағы қажырлы еңбектеріңіз жанданып, мол табыстарға кенелтсін дегіміз келеді!
Осы айтулы мереке қарсаңында Барлықтарыңызға қажымас қайрат, мол денсаулық, ашық аспан және ұзақ қайырлы ғұмыр тілейміз.
Әр шаңыраққа бақ – береке дарып, құт орнасын, дастарқан мо ... Читать дальше »
Просмотров: 999 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/03/2010 | Комментарии (0)

ТОЛАҒАЙ ТАБЫС һәм АЙҚЫН НӘТИЖЕ
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыруды, оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалауды, білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдауды басты міндеттер деп айқындаған мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) жуырда аймағымыздың көптеген мектептерінде өткізілді. Ақиқатында, орта білім беру ұйымдарында МАБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және бастауыш (4 сынып) пен негізгі орта (9 сынып) білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылды. Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі де Лебяжі ауданына қарасты өзге де он алты мектеп қатарында осынау сынды биылғы жылдың 15 наурызында абыроймен тапсырды. Дайындық жұмыстары оқу жылының басынан-ақ жүргізіле бастады. Өткен оқу жылында өткізілген МАБ нәтижесі өзінің төмен көрсеткіштерімен оқу ордасының мәртебесін әжептәуір шайқалтып тастағанын да қи ... Читать дальше »
Просмотров: 1345 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/03/2010 | Комментарии (0)