Жуырда бастауыш сыныптар және жоғары буын оқушылары арасында негізгі пәндерден мектепішілік олимпиада өткізілді, соның нәтижесінде аудандық олимпиадада мектеп намысын қорғайтын кіші һәм үлкен оқушылар құрамалары анықталмақ.
Жақында "Жас ұлан" балалар ұйымына 5 сынып оұушылары салтанатты түрде қабылданды.
Просмотров: 978 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Сырттай бағалау белестері ТҰҒЫРЛЫ ТАБЫСТАР КӨКЖИЕГІНДЕ Қазақтың бас ақыны Абайдың «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» делінген бес асылын ту еткен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары осы күндері аудан көлемінде де, аймақ көлемінде де түрлі бағыттағы жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Айталық, қараша айының соңғы онкүндігінде Павлодарда өткен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған облыстық «Атамұра» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің «Ағаш, металды көркемдік өңдеу» номинациясы бойынша Павлодар облыстық білім беру басқармасы тарапынан 9 сынып оқушысы Мұғалімханов Жақсылық ІІ дәрежелі дипломмен, ал 7 сынып оқушысы Болатқожинов Ернұр қатысқашы үшін дипломмен, тоқыма номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Қыстаубаева Армангүл қатысқаны үшін дипломмен, ал осындай тамаша шәкірттерді дайындағаны үшін тәжірибелі ұстаз һәм хас шебер Асанов Қанат Қайроллаұлы Алғыс хатпен марапатталды. Желтоқсанның басында аудан орталығы Аққу мектебінде өткізілген 5 – 7 сынып оқушылары а ... Читать дальше »
Просмотров: 950 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Құрмет ЕРЕН ЕҢБЕККЕРЛЕР ЕЛЕНДІ Жақында ғана Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен һәм Қызылағаш ауылдық кеңесі әкімшілігінің мұрындық болуымен ауыл шаруашылық күні аталып өтті. Кезінде де, қазір де Бесқарағай ауылының даңқын еңбекпен шығаруға қажымас қайрат таныта білген қадірлі тұлғалар дәмді дастарқан басынан жиналып, жылы жүзді әңгіме құрап, бір жадырап қалды. Ауылдың көркейіп өсуі жолында, еңбегімен өрлеу шағында осынау ерен еңбек иелері аянып қалмады. Бойдағы да, ойдағы да барын салды. Сонысымен ел жадында мәңгіге қалды. Осы күндері еңбегімен танылып жүрген Әлдекенов Серікпай, Құмаров Ерсайын, Молдажанов Жеңіс, Гончаров Наталья Петровна және басқа да тұлғалар ауыл әкімі Мұқанов Ж.Н. қолынан Алғыс хаттармен салтанатты түрде марапатталды. Құттықтаулар легінде шек болмады. Өткен күндер де қимастықпен еске алынды. Сол сәттердің рухани қуаты болған әндер де шырқалды. Кезінде атақты шопан ... Читать дальше »
Просмотров: 1000 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Қауіпсіздік қамымен ЭВАКУАЦИЯЛАНУ ПЫСЫҚТАЛДЫ Сенбіде боран-бұрқасынға қарамастан әскери жетекші Қайдаров Н.Ш. жұмыс жоспарына сәйкес Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде шартты түрде болған өрт жағдайындағы жаппай эвакуциялану жаттығулары пысықталды. Сабақ үстінде оқыс соғылған ұзақ қоңырау үнін ести сала, оқушылар, мұғалімдер, басқа да қызметкерлер мектептің төрт есігінен қарлы далаға шапшаң жүгіре басып, бір жарым минөт шамасында түгелімен шықты. Әскери жетекші осынау жылдамдыққа, дереу қажетті қимыл-әрекеттер барысына жоғары баға берді. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 922 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)

Мектептегі спорт МАМАНМЕНЕН МАРҚАЯР ІС Баянды болашақ жолын айдан анық біле болжам, артынша осыны нақты қадам жасау арқылы іс жүзінде таныта білген маманға кім жетсін тегі. Баяхметов Назымбек Халелұлының спорт нұсқаушысы болып Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет жасай бастағаны кеше-ақ. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі тарапынан дене шынықтыру маманына еркін күрес секциясын ашып, жүргізу үлкен жауапкершілікпен тапсырылды. Себебі Назымбектің өзі баладай кезінен бастап осы күнге шейін күрестің осы түрін жетік меңгеріп, берісі облыстық, арысы республикалық деңгейдегі түрліше жарыстарда топ жарып, танымал болды да. Енді міне өз жанұясымен тұрып жатқан ауыл мектебінде өз қолынан жасөспірім палуандарды тәрбиелеп һәм дайындап өсіруге мүмкіндік алды. Қос білекті сыбана кіріскен спорт нұсқаушысы аудандық білім бөлімінен ресми рұқсат алғаннан соң, алғашқы бетте еркін күреске аса қажет жұмсақ маттарды жеткізіп, мектептің жаттықтыру залына жайғастырды. Одан кейін ... Читать дальше »
Просмотров: 1288 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2009 | Комментарии (0)