20:30
Сырттай бағалау белестері
Сырттай бағалау белестері ТҰҒЫРЛЫ ТАБЫСТАР КӨКЖИЕГІНДЕ Қазақтың бас ақыны Абайдың «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» делінген бес асылын ту еткен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары осы күндері аудан көлемінде де, аймақ көлемінде де түрлі бағыттағы жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Айталық, қараша айының соңғы онкүндігінде Павлодарда өткен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған облыстық «Атамұра» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің «Ағаш, металды көркемдік өңдеу» номинациясы бойынша Павлодар облыстық білім беру басқармасы тарапынан 9 сынып оқушысы Мұғалімханов Жақсылық ІІ дәрежелі дипломмен, ал 7 сынып оқушысы Болатқожинов Ернұр қатысқашы үшін дипломмен, тоқыма номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Қыстаубаева Армангүл қатысқаны үшін дипломмен, ал осындай тамаша шәкірттерді дайындағаны үшін тәжірибелі ұстаз һәм хас шебер Асанов Қанат Қайроллаұлы Алғыс хатпен марапатталды. Желтоқсанның басында аудан орталығы Аққу мектебінде өткізілген 5 – 7 сынып оқушылары арасындағы негізгі пәндер бойынша аудандық кіші олимпиаданың ақтық сынына қатысқан он бір бесқарағайлық үміткерлердің бесеуі жеңіс тұғырынан көріне білді. Атап айтқанда, 6 сынып оқушысы Рыбалевская Яна орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ІІ орынды (пән мұғалімі Белгібаева А.М.), осы сыныпта оқитын Смакотина Евгения орыс тілінен ІІ орынды (пән мұғалімі Түсіпова С.Н.), 7 сынып оқушысы Әубәкірова Мәдина Қазақстан тарихынан ІІ орынды (пән мұғалімі Байханова Л.А.), осы сыныпта оқитын Жұмаш Асхат ағылшын тілінен ІІ орынды (пән мұғалімі Қапанова Г.Ж.), ал 5 сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс математикадан ІІІ орынды (пән мұғалімі Берден Ш.) иеленіп, өз аттары һәм мектебіміздің абыройын бір асқақтатып қойды. 8 сынып оқушысы Ерсайынов Нариман аудан орталығындағы мәдениет үйінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған аудандық «Айналайын» ән байқауында жүлделі ІІ орынға иелік етіп, дипломды қанжығасына байлап келді. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 951 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: