20:26
Мектептегі спорт
Мектептегі спорт МАМАНМЕНЕН МАРҚАЯР ІС Баянды болашақ жолын айдан анық біле болжам, артынша осыны нақты қадам жасау арқылы іс жүзінде таныта білген маманға кім жетсін тегі. Баяхметов Назымбек Халелұлының спорт нұсқаушысы болып Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет жасай бастағаны кеше-ақ. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі тарапынан дене шынықтыру маманына еркін күрес секциясын ашып, жүргізу үлкен жауапкершілікпен тапсырылды. Себебі Назымбектің өзі баладай кезінен бастап осы күнге шейін күрестің осы түрін жетік меңгеріп, берісі облыстық, арысы республикалық деңгейдегі түрліше жарыстарда топ жарып, танымал болды да. Енді міне өз жанұясымен тұрып жатқан ауыл мектебінде өз қолынан жасөспірім палуандарды тәрбиелеп һәм дайындап өсіруге мүмкіндік алды. Қос білекті сыбана кіріскен спорт нұсқаушысы аудандық білім бөлімінен ресми рұқсат алғаннан соң, алғашқы бетте еркін күреске аса қажет жұмсақ маттарды жеткізіп, мектептің жаттықтыру залына жайғастырды. Одан кейін әр түрлі жастағы оқушы ұлдарды бір ту астына жинап, топтарды іріктеу мақсатымен кіріспе жаттығуларын жүргізе бастады... Содан біршама уақыт өте шықты. Қазір балғын ұлдардан бір топ іріктелсе, бозбалалардан үміт арқалап келе жатқан екінші бір топ жасақталып төселуде. Ұлдардың еркін күреске деген қызығушылығында шек жоқ. Дайындық жаттығулардың қиындығына еш қарамастан бір күнін де босатпай қатысуға барын салуда. Қомақты нәтижелердің болатын сәті де ұзап кетпейтініне Назымбек Халелұлы берік сендіріп отыр. Жаттығулар кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң түрде орындауға жіті назар аударылады. Сонымен қатар әккі палуан мектепте баскетбол үйірмесін де жүргізуді қолына алды. Қысқасы, маманның істі марқайтатынына сеніміміз мол. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1288 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: