Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қоғамдық-көпшілік «БАРЫС» газеті және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бастауыш партиялық ұйымының ұйымдастыруымен Желтоқсан көтеріліс-қозғалысының 23 жылдығы һәм Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 18 жылдығына арналған 5 – 10 сынып оқушылары арасында өтетін «Тәуелсіздік тағылымы» ІV поэзиялық оқуларының ТҮСІНІКТЕМЕСІ Мақсаты: · Қазақ ақындарының Отан, ел, азаттық, тәуелсіздік, ынтымақ, бірлік тақырыбын ту еткен бірегей һәм үздік поэзиялық туындыларын насихаттау; · Оқушылар бойындағы отансүйгіштік, елжандылық, ұлттық намыс қасиеттерін арттыру; · Оқушылардың көпшілік алдында өлең сөзбен еркін де жігерлі, мәнерлі де рухты сөйлеуге үйрету. Шарттары: · Оқулар мемлекеттік тіл – қазақ тілінде өтеді; · Оқуларға әр сыныптан кем дегенде 2 (екі), көп дегенде 3-4 (үш-төрт) оқушы қатыса алады; · Әр қатысушы оқушы міндетті түрде 3 (үш) поэзиялық шығарманы яғни өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; · 1-өлең: Құдіретті хандық, 15 – 18 ғасырлардағ ... Читать дальше »
Просмотров: 1493 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/12/2009 | Комментарии (0)

Кеше ғана мектебімізге Павлодар облыстық білім беру басқармасынан құрамында жеті маман және аудандық білім бөлімінен екі маман - жиыны тоғыз бас маман бар комиссия келіп, оқу-тәрбие, әкімшілік-басқару жұмыстарының орындалу барысын кешенді тексерістен өткізді. Кадрлар бөлімімінің бас маманы Қайырбаева Роза Балапанқызы бастап келген осынау комиссия құрамы мектебіміздің жалпы жұмысына жоғары баға беріп, көңілдері толып қайтты. Ендігі жерде осыжүйелі үдерісті екпінді түрде ілгерілете беріп, дамудың үстіне дами түсу керек.
Просмотров: 1007 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/12/2009 | Комментарии (0)