ҚЫТАЙ ТІЛІ – ЕЖЕЛДЕН АМАН ЖЕТКЕН ТІЛ

Қытай жазуының пайда болғанына кем дегенде 3300 жыл болды, оның жасының ұзақтығы мысыр жазуымен бірдей. Бірақ бұл тілдің қазіргі қолданушыларының жағдайы мысырдың иероглиф жазуын соңғы қолданушылардан мүлде бөлек. Біріншіден, қазіргі қытай тілі – бір миллиардтан астам адам сөйлейтін өскелең, серпінді, ширақ тіл. Екіншіден, бұл тілдегі жазу – аз ғана бітікшілер мен хатшылардың құзіретінде ғана емес, жүздеген миллион адамның күнделікті өмірінің бір бөлігі. Қытай жастарының арасында сауаттылық деңгейі өте жоғары, Ұлыбритания мен Еуропа елдерінен сәл-ақ төмен.< ... Читать дальше »

Просмотров: 204 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/06/2021 | Комментарии (0)

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Серік (ер, әйел) – халық ажғыздықты, жалғыз жүруді қаламаған. Үйде де, түзде де өзіне серік іздеген. Сондықтан әр адамға қайда жүрсе де, сенімді серіктің орны бөлек. Демек, серік дегеніміз жанға демеу бола алатын жақсы адам. Ол әр жерде, әсіресе сапарда жанашыр, қамқор, сүйеніші, пана, әрі демеуші. Қазақтың баласына Серік деп ат қою да осыдан шыққаны әркімге аян болса керек.

Просмотров: 182 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/06/2021 | Комментарии (0)

БІР ҚҰДАЙ

Б.д.д. 743 жылы  Иудея патшалығы әулетінің бір ұрпағы Иерусалимдегі Сүлеймен патша салдырған ғидабатханада Яхвенің елесін көреді. Бұл Израил халқы үшін қысылтаяң кезең еді. Сол жылы яһуди патшасы Озия қайтыс болып, орнына жайғасқан ұлы Ахаз қол астындағыларды Яхвемен қатар, пұтқа табынкға да мәжбүрлейді. Солтүстік Израил патшалығының жағдайы анархияға жақын болды: ІІ Иеровоам патша өлген соң, 746-736 жылдар аралығында тақта бес патша ауысады, ал Ассирия патшасы ІІІ Тиглет Пилесар (Тиглатпаласар) өзінің қонысы кеңейіп келе жатқан империясына қосып алу үшін, олардың жерлеріне ашқарақтықпен көз салады. Б.д.д. 722 жылы оның мұрагері ІІ Саргон патша солтүстік патшалықты бағындырып, хал ... Читать дальше »

Просмотров: 209 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/06/2021 | Комментарии (0)

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Қауіпті ағаш

Барлық бөліктері мен жемістері улы сүттіген шырынынан тұратын Манцинелла деген ағаш, Батыс жартышарда, Флорида штаты мен Кариб пен Багам бассейні елдерінің жерлерінде өседі. Бұл ағаштың қауіптілігі сонша – астына отыруға, тіпті мал жаюға да болмайды. Одан бөлінетін улы шырын денеге тамса, тез-ақ күйдіріп жібереді. Оны жою да мүмкін емес. Себебі, одан тез бөлінетін улы шырын, адамның жақындауына мүмкіндік бермейді екен.

 

... Читать дальше »

Просмотров: 169 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/06/2021 | Комментарии (0)