15:11
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Қауіпті ағаш

Барлық бөліктері мен жемістері улы сүттіген шырынынан тұратын Манцинелла деген ағаш, Батыс жартышарда, Флорида штаты мен Кариб пен Багам бассейні елдерінің жерлерінде өседі. Бұл ағаштың қауіптілігі сонша – астына отыруға, тіпті мал жаюға да болмайды. Одан бөлінетін улы шырын денеге тамса, тез-ақ күйдіріп жібереді. Оны жою да мүмкін емес. Себебі, одан тез бөлінетін улы шырын, адамның жақындауына мүмкіндік бермейді екен.

 

Улы, өте ащы кактус

Марокколық кактустың бір тамшысы тілге тиер болса, сол сәтте-ақ уланып қаласың. Өйткені, оның сөлінде қызыл бұрыштан да ащы резинифератоксин деген улы зат бар.

 

Улы жидек

Дұғалы абрустың сыртқы қабығы тым қатты қызыл жидегі жеуге жарамайды. Оны тек зергерлік бұйымдар мен түрлі аспап жасауға ғана қолданады. Себебі, бір түйір жидектің құрамындағы улы заттың өзі, адам өміріне қауіпті.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 170 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: