МЕМЛЕКЕТ, ТІЛ және ЖАЗУ

Бізге аман жеткен мысыр тіліндегі алғашқы мәтіндер бес мың жылдай бұрын жазылған. Мысырда сол кездің өзінде-ақ бір орталыққа бағынатын, әлеуетті мемлекет болған, ол Ніл өзенінің халық тығыз қоныстанған, төменгі, ұзын да құнарлы бөлігін бақылауда ұстаған. Біз ол патшалық туралы иероглиф жазуы және мыңдаған өнер туындысы мен өзге де археологиялық жәдігерлер арқылы білеміз. Перғауындар басқарған мемлекет ұзақ ғұмыр кешу жағынан өзге саяси ұйымдардың бәрінен асып түсті. Мысыр тілі бұл елде ресми тіл ретінде 2700 жыл қолданыста болды. Тек Ескендір Зұлқарнайын Мысырды басып алғаннан кейін, б.з ... Читать дальше »

Просмотров: 202 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Қолбала (әйел) – бұрынғы кездерде біреулер туыстық жақындығы жоқ жетім қыздарды асырап, тәрбиелеп өсірген, әртүрлі үй жұмысына пайдаланған. Оны қолбала деп атаған. Ол өсіп, бой жетіп, кәмелетке толған соң асыраушы адам өзінің інісіне, баласына әйелдікке әперген.

 

Қатын (әйел) – әйел деген сөздің аттасы. Қазақ кейде Пәлеңшекеңнің әйелі дегенді Пәлеңшекеңнің қатыны деп те айта береді. Ерсілеу естілгенімен ертеректегі түркі ұғымында хан, ақсүйектер әйелдеріне ғана тән ... Читать дальше »

Просмотров: 190 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

ӘУЕЛГІДЕ

Платон өмірінің соңына қарай өзінің мәңгі идеялар мен пішіндер туралы ілімінен бас тартқан сыңайлы, алайда құдай туралы түсініктерін сомдауға ұмтылған көптеген монотеис үшін тап солар негізгі ұғымдарға айналды. Платондық идеялар – бұл ақылмен тануға болатын тұрақты, өзгермейтін ақиқаттар. Кемел бітімдер сезім мүшелері арқылы қабылданатын кез келген аумалы-төкпелі және өткінші материалдық құбылыстарға қарағанда, әлдеқайда тұтас, өміршең және толымды. Біздің әлемнің құбылыстары – құдай патшалығының мәңгі қалыптарының жай жаңғырықтары, олардың тұрпайы көшірмесі. Асқақ идеялар біздің, мәсеен, Махаббат, Әділет немесе Сұлулық туралы дерексіз түсініктерімізге сәйкес келеді, бірақ к ... Читать дальше »

Просмотров: 185 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Ерекше кәмпит ағашы

Шілде айынан бастап шешек атып, шоқ гүлдер ашатын, говения немесе мейіз ағашы аталған бұл ағаш 2000 метр биіктікте, тау басында Жаплния, Қытай мен Кореяда өседі. Піскенде кәмпит сабақтары жұмсақ, шырынды болады.

Кептірсе, ұзақ сақталады. Ағаштың жапырағы мен сабағын, тқым сығындысын бал бал орнына, дәрі жасауға да қолданады.

... Читать дальше »

Просмотров: 190 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)