15:12
Құдайтану баяны

БІР ҚҰДАЙ

Б.д.д. 743 жылы  Иудея патшалығы әулетінің бір ұрпағы Иерусалимдегі Сүлеймен патша салдырған ғидабатханада Яхвенің елесін көреді. Бұл Израил халқы үшін қысылтаяң кезең еді. Сол жылы яһуди патшасы Озия қайтыс болып, орнына жайғасқан ұлы Ахаз қол астындағыларды Яхвемен қатар, пұтқа табынкға да мәжбүрлейді. Солтүстік Израил патшалығының жағдайы анархияға жақын болды: ІІ Иеровоам патша өлген соң, 746-736 жылдар аралығында тақта бес патша ауысады, ал Ассирия патшасы ІІІ Тиглет Пилесар (Тиглатпаласар) өзінің қонысы кеңейіп келе жатқан империясына қосып алу үшін, олардың жерлеріне ашқарақтықпен көз салады. Б.д.д. 722 жылы оның мұрагері ІІ Саргон патша солтүстік патшалықты бағындырып, халқын зорлап көшіреді: израилдықтардың солтүстік он тайпасы өзге тайпаның арасына сіңіп, жойылып кеткен. Ал шағын ғана Иудея патшалығы үрейдің құшағына еніп, жанбағыс қамында отырды. Озияның өлімінен кейін ғибадатханада қысқаша құлшылық еткен Исайяның көңілі келешекке алаңдаулы болды, оның үстіне, ол ысырапқа толы ғибадатханалық салтанатты рәсімдердің жөн емесін сезінген де болар. Исайя билеуші топтан шыққан секілді, бірақ оның көзқарасы бұқараға жақын және демократияшыл болып, аш-жалаңаш кедейлер тұрмысына терең аяушылық сезіммен қараған. «Киелі орынның» және құрбандық малы қанының исі мүңкіген жердің алдындағы ғибадатхана бөлмесі өртелген қара майдың түтініне толған кезде, ол Израил діні өзінің тұтастығы мен ішкі мәнінен айырылуы мүмкін деген қорқыныштың құшағында болған тәрізді.

Кенеттен оның көз алдына аспандағы құдірет сарайының жердегі айна-қатесіз көшірмесі секілді ғибадатхананың тап қарсы бетінде, көктегі тағына жайғасып отырған Құдай елестеді. Оның жеңсіз жамылғысы бүкіл ғибадатхананы алып жатты, қасындағы екі періште Ған қарамау үшін беттерін қанаттарымен жауып тұрды. Олар бір-біріне кезек-кезек: «Қасиетті, қасиетті! Қасиетті Саваоф Құдай! Бүкіл жер беті Оның даңқына толы!» деп дауыстады. Олардың дауыстарының күшінен ғибадатхана түп іргесіне дейін шайқалып сала берді де, Яхае көзге еш нәрсені көрсетпейтін бұлтқа оранды – бұл Синай тауында Құдайды Мұсадан жасырған бұлт пен тұманға ұқсады. Қазір «қасиетті» сөзін қолданғанда біз әдетте адамгершілік кемелдік күйін меңзейміз. Бірақ ивритше каддош ұғымының адамгершілікке еш қатысы жоқ еді. Ол бөгде, мүлде бөтен дегенді білдірді. Яхвенің Синай тауында көрінуі адам мен құдайлық әлем арасының алшақтап кеткенін аңғартты. Періштелер енді: «Яхве – басқа, басқа, басқа!» деп жылады. Исайяның бойын анда-санда адамдарды құштарлық пен қорқынышқа бөлейтін, табиғаттан тыс құдіретті сезім баурап алатын. Рудольф Отто «Қасиеттілік идеясы» деген классикалық еңбегінде тарнсцендентті ақиқатпен бетпе-бет келгенде туындайтын бұл үрейлі халдерді қорқынышты және толқытатын құпия деп анықтайды: қорқынышты болатыны, естен тандыратын толқыныс түрінде келіп, бізді қалыпты және жұбанышты күйден бөліп тастайды, ал таңғалдыратын себебі еріксіз құштарлыққа бөлейді. Осылайша түгелімен жанды баурайтын халдерді Отто музыкалық немесе эротикалық әсерлерге теңейді, рационалды ештеңе жоқ: туындайтын сезімдерді сөзбен немесе ақылмен жеткізу мүмкін емес. Сондай-ақ Мүлде Бөтендікті «бар» деп те айта алмайсың, өйткені Бөтендік әдеттегі ақиқаттың шегінен шығатын құбылыс. «Кіндік кезеңнің» жаңартылған Яхвесі бұрынғыша «соғыс Құдайы» (саваоф) болып қала берді. Сонымен қатар Ол енді жалғыз израил халқының жақтаушысы, тайпа Құдайы шеңберінен шықты. Оның атағы Уәде Етілген Жермен шектелмей, бүкіл жер бетіне тарады. (жалғасы бар)

іііәзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 211 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: