ТІЛ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Әлбетте, Адам атаның жаратыла салысымен сөйлегенін білеміз. Өйткені Адам атаға бірден мынадай тапсырма берілді: «Жаратқан Ие топырақтан түрлі жануарлар мен сан алуан құстарды жаратты. Содан соң оларға қандай ат берер екен деп бәрін Адамға алып келді. Адам қандай ат қойса, олар солай аталатын болды».

... Читать дальше »

Просмотров: 217 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/01/2021 | Комментарии (0)

Бөле (ер, әйел) – апалы-сіңілі қыздардың баласы бір-біріне «бөле» болады. Нағашы жұрт арқылы жалғасатын ілік қатарына жатады, бөтенге саналмайды. Олар да нағашы-жиенді адамдар сияқты бір-бірімен әзілдесіп ойнайды. Нағашыларына барғанда екеуі бірігіп кетеді. Олар тату жүреді. «Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда бота тату» деген әдемі мақал бар. Ең жақын бөлелерді, яғни бір жанұядан өрбіген қыздардың балаларын немесе бөленің баласын «қарын бөле» дейді.

  • Екі аяқтыда бөле тату,

Төрт аяқтыда бота тату.

Просмотров: 275 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/01/2021 | Комментарии (0)

ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Тыйымдар

  • Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай қиналады.
  • Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
  • Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламаған ... Читать дальше »
Просмотров: 208 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/01/2021 | Комментарии (0)

ЖҰЛДЫЗДАР ҚАНДАЙ СЫР АЙТПАҚ?

Бұрыннан-ақ бабалар келер жылдың қалай басталып, қалай аяқталарын мезгілдегі таңның атуы мен күннің батуы, жұлдыздар жарқылы және Құс жолының орналасу қалыбы мен Шолпанның тууына қарап, біліп отырған. Сондай-ақ, төрт түлік малдың әрекеттері арқылы күннің райын болжаған. Айталық, қыс қатты болатын жылдары құстардың улап-шулап топтанып, жылы жақтарға ерте қайта бастап, су құстарының мезгілінен бұрын келуін – ерте көктемнің хабаршысы деп түсінген. Ал қарақұс пен сауысқан секілділер ерте келсе, көктем кешігіп шығарын болжап, мал шығынына жол бермеуге әрекеттеніп отырған. Сондай-ақ, күн қызарып шықса, күн суытарын керісінше, көктем айларында күн қызарып батса, ауа райының жақсы болары ... Читать дальше »

Просмотров: 252 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/01/2021 | Комментарии (0)