11:21
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Тыйымдар

  • Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай қиналады.
  • Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
  • Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке-шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке-шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке-шешесін күтіп ала алмайды.
  • Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді.
  • Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, аруағы риза болмайды.
  • Адам өлімі туралы хабарлап (естірітп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бұл «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырым.
  • Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда басқа үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бұл да «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, аруақтар риза болмайды.
  • Өлген адамға дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін бет-қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады.
  • Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады.
  • Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бұ «өлім-жітім аз болсын» деген ырым.
  • Көзі тірісінде өзіне көр қазуға болмайды. Бұл жаман ырымға жатады.
  • Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы алмайды, шығарып та салмайды. Өліктің артын күтеді.
  • Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді. Бұл аруақты қорлау болып саналады.
  • Өлген кісінің қабірін баспайды. Себебі аруағы риза болмайды.
  • Молада дәрет сындыруға, мал жаюға болмайды. Бұл аруақтарды қорлау болып саналады.
  • Моланың басында жүрелеп емес, малдас құрып отырады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 209 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: