11:21
Туыстық атаулар сыры

Бөле (ер, әйел) – апалы-сіңілі қыздардың баласы бір-біріне «бөле» болады. Нағашы жұрт арқылы жалғасатын ілік қатарына жатады, бөтенге саналмайды. Олар да нағашы-жиенді адамдар сияқты бір-бірімен әзілдесіп ойнайды. Нағашыларына барғанда екеуі бірігіп кетеді. Олар тату жүреді. «Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда бота тату» деген әдемі мақал бар. Ең жақын бөлелерді, яғни бір жанұядан өрбіген қыздардың балаларын немесе бөленің баласын «қарын бөле» дейді.

  • Екі аяқтыда бөле тату,

Төрт аяқтыда бота тату.

  • Жөн сұраса келе қарын бөле шығады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 276 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: