11:20
Тіл тарихы

ТІЛ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Әлбетте, Адам атаның жаратыла салысымен сөйлегенін білеміз. Өйткені Адам атаға бірден мынадай тапсырма берілді: «Жаратқан Ие топырақтан түрлі жануарлар мен сан алуан құстарды жаратты. Содан соң оларға қандай ат берер екен деп бәрін Адамға алып келді. Адам қандай ат қойса, олар солай аталатын болды».

Сонымен, жан-жануарларға ат беру, сөйтіп, тілдің бір бөлігігін қалыптастыру адам атаның ең алғашқы іс-әрекеті болыпты. Әйтсе де тіл атаулыны жаратқан Адам ата емес. Тіл Адам ата жаратылмай тұрып қолданыста болған. Құдай ең бірінші күні таң мезгілінде «Дүние жарық болсын!» деді, яғни ол о бастан сөйлей алды.

Ең бастысы Адам ата «кіріктірілген» тілмен бірге жаратылған екен. Кейбіреулер Құдай алдымен адамды жаратып, сосын оған тіл берген деп ойлауы мүмкін. Бала туа сала сөйлемейді, адамзат та алғашқы кезде сөйлей алмаған болар. Бұл қабілет адамды басқа жан иелерінен ерекшелейді. Басқа жан иелеріне де атауды адам берді. Тіл – адамды жануарлардан жоғары қоятын бірден-бір құрал.

Жаратқан Иенің Өзі – о бастан сөйлеуші. Оның сөйлесетін ешкімі болмаған, ол сонда қалай сөйлеген? Бірақ тілсіз Құдайды, сөйлей алмайтын Жаратушы Иені көзге елестету де өте қиын. Әрине, Құдайдың сөзі түсінікті болуы міндетті емес, ол адамдар сөйлейтін тілден басқа, идеясын жеткізудің өзге, асқақ жолын пайдалануы мүмкін. Қайткен күнде де, тілсіз Құдайды біз мақұрым немесе мақұлық ретінде қабылдар едік. Адамнан жоғары тұрушы адамның ең маңызды қабілетіне ие болуға тиіс.

Қазір біз өзіміздің бірден осы күйде пайда бола салмағанымызды білеміз. Бірақ адам уақыттың қай кезеңінде нағыз адам болып қалыптасты? Басқаша айтқанда, алғашқы түрлер із оларды өзіміз деп қабылдайтындай дәрежеге қашан жетті?

«Адам баласы адам дәрежесіне тіл пайда болғанда жетті»деген болжам айтылады. «Адамды басқалардан ерекшелейтін – тіл» деген ойды бәріміз де құптаймыз.

Бір өкініштісі, бізге оның, тілдің, қашан пайда болғаны, бірінші сөз айтылған жыл, күн туралы еш мәлімет бермейді. Ежелден бері талай талантты адам сөйлеудің қалай және қашан пайда болғанын анықтауға тырысса да, нәтижесі әлі айтарлықтай емес.

Біз «адамзат тілдерінің пайда болғанына кем дегенде бес мың жыл болды» деп сеніммен айта аламыз. Өйткені бізге жеткен алғашқы жазба мәтінге шамамен осынша уақыт болды. Сол жәдігерлерде қолданылған шумер және мысыр тілдерінің бүгінгі адамдар сөйлеп жүрген тілдермен жалпы болмысы бір. Сондықтан тілдер өте ұзақ уақыттан бері қолданыста бар деп айтуға болады.

Бірақ қаншалықты ұзақ екені айқын емес. Оны көрсететін нақты деректер жоқ, сондықтанболжамдардың бәрі – тек ой ғана. Бұл сұраққа жауап іздегенде адамдар, негізінен, дәлелдің екі түрін қолданған. Біріншісі – адамның тарихқа дейінгі кезеңдегі жалпы мәдени дамуына байланысты табылған жәдігерлер. Екіншісі – адам анатомиясының дамуы туралы деректер, археологиялық қазбалардан табылған түрлі дәуірлерден жеткен сүйек қаңқалары.  

әзірлеген                                                                                                                                                                    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 218 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: