Мектептің отбасыларымен жүргізетін барлық жұмыстары ұжымдық және дербес болып негізгі екі топқа бөлінеді. Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды. Педагогикалық лекторийлер ата-аналардың назарын белсенді тәрбиелік мәселелерге аударуды мақсат тұтады. Жұмыстың бұл формасы ата-аналарды тәрбие теория-ларын жүйелі білімдерімен қаруландыруға бағытталынады. Сынып бойынша педагогикалық білім беру деп аталатын жұмыс формасын 1 -11 сыныптан бастап қолға алу қажет. өйткені педагогикалық ағарту жұмысын осы кезден бастау тиімді. Оның алғашқы сабағын мектеп директоры немесе орынбасарлары бастап бергені жөн. Педагогикалық білім беруде параллель-сыныптардың ата-аналарын біріктіруге болады. Көптеген мектептерде педагогикалық білім университеттері табысты жұмыс істейді. Білім берудің бұл формасы лекциялық курстан және семинар сабақтарынан тұрады. Бұндай күрделі жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмыс формасын аса сақтықпен практикаға енгізу керек. Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдық қорытынды ғылыми-практикалық конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Конферен-цияға ''Балаларды еңбекке тәрбиелеу'', ''Жақсылыққа апарар ең төте жол - имандылық арқылы'' және т.б. тақырыптар таңдап алынып, мектепте ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады. Ашық есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күндерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Мереке-нің құрылымын мына үлгіде түзуге болады. Мәжіліс залында ата-аналар үшін 1-11 сынып оқушы-ларының концертін ұйымдастыру. Концертте үздік өнер көрсеткен сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады. Сыныптардағы кездесулер. Оқушылар бұл жайында ата-аналарына қалай оқып, қалай жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді. Бастауыш сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата-аналарға тарту етеді; ''үздік суреттер'', ''үздік қолөнер шебері'', ''Фото-мерген'', ''өнертапқыштар мен конструкторлар'' және т.б. көрмелерге қатысу; Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетінің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру; Мәжіліс залында көркем фильмдер көруді ұйымдастыру. Ата-аналарға арналған ''Менің атым Қожа'', ''Алты жасар Алпамыс'', ''Көксерек'' және т.б. фильмдерді ұсынуға болады. Мерекені ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы мүмкін, ең бастысы оларды ұйымдастырғанда ата-аналар-дың назарын мектепке, тәрбие жұмыстарына аудару болуы керек. Сынып ата-аналарының жиналысы - дәстүрлі жұмыс формасы болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді. Сынып жиналысын ұйымдас-тыруда, оның проблемалық тақырыбын айқындап алудың маңызы зор. Мысалы ''Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару көмектеседі ме?'' деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады. Ол сұрақтар мынадай болуы мүмкін. Сіздің мінезіңізді, ерік күшіңізді өміріңізде кездескен қандай қиындықтар шынықтырды деп ойлайсыз? Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегі (сөз, іс-әрекет, сезім мен көңіл-кұй) ахуалын еске түсіріп, сипаттап беріңіз. Сіздің балаңыз қиындықтардың қандайын жеңіп, қандайына шамасы жетпейді? Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тәрбие мәселесіне терең мән беруіне көмектеседі. Дербес жұмыс формалары ата-аналармен жұмыс жүргізуде маңызды рөл атқарады. Педагогикалық консультация - дербес жұмыстың кең тараған формасы. өкінішке орай балалары сыныптан-сыныпқа көшкен сайын ата-аналардың белсендігі төмен-дей береді. Консультацияның негізі - ата-аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық - психологиялық тұрғыдан алып қарағанда консультация ата-ананың бастамасына мұғалімнің қалауы, отбасына көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сұрақтарға нақты ақыл - кеңес беру сипатында болуы тиіс. Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің ныса-насына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа - жетекші педаго-гикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технология-лардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогика-лық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар - озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процес-стердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарас-тырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарас-тырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни иннова-циялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңызды-лығына көз жеткізе түседі. өйткені, мұғалім жаңа педаго-гикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педаго-гикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс. Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемелекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
|