ҚОНАҚ НЕШЕ ТҮРЛІ БОЛАДЫ? Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып: - Е, Бөлен! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? – депті. - Е-е, шырағым, сұра! – депті Бөлен. - Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе, бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп: “Мынау тағы келе жатыр ма?” – дейді. Бұл неткені? – депті Асау. - Ол келіннің ырысы кеткені, - дейді Бөлен. - Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. “Осы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?” - дейді. Бұл неткені? - Ол балалардан ерік кеткені. - Бөлен! “Қонақ-қоңсы” дейді қазақ. Қонақ деген кім, қоңсы деген кім? - Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақырумен келемін. Қоңсы деген мыналар, - деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне келіпті, барып амандасайық деп келеді. - Ал, Бөлен! Қонақ неше түрлі болады? - Қонақ төрт түрлі болады: Арнайы қонақ, - Жігіттің неше жұрты бар? – деп сұрайды. - Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын, - дейді Асау. Қайын жұрты – міншіл, Өз жұрты – күншіл, Нағашы жұрты – сыншыл. Сонда Бөлен: - Жігіттің төрт жұрты болатын еді, біреуін тастап кеттіңіз. Ол – елінің азаматы. Бәрінен де артық сол еді-ау! – депті. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 164 | |
Всего комментариев: 0 | |