Шешендік сөздер

АЛЫСТА НЕ АЛЫС?

Байдалы қартайып үйден шықпай, күндіз-түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.

- Ой, кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой! – дей беріпті.

Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.

- Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? – депті Байдалы.

- Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін-дағы, - депті Мұса.

- Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші! – дейді қарт. Мұса “айтыңыз” деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:

- Алыста не алыс?
Жақында не жақын?
Тәтті де не тәтті? – дейді.

Мұса ойланып:

- Жер мен көктің арасы алыс,
Кісіге туыс жақын,
Бала тәтті, - депті.

Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:

- Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ. Жақында ажал жақын, - депті.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (29/11/2021)
Просмотров: 148 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: