Шешендік сөздер

ШОҚАЙ БИДІҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАНЫ

Бидің бір баласы бай болса да, сараң болыпты. Шоқай биге қонақ жиі келеді. Ал малын соя-соя тауысып алады. Ендігі келген кісіге соятын қой таппай, баласынан сұратса, ол сылтау айтып бермей қояды.

Күндердің күні болғанда би қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Сонда әлгі баласы келіп:

«Уа, әке! Қандай өсиет айтасыз? Көңілдегіңізді айтып кетіңіз», - десе керек.

Сонда би :
«Уа, балам!
Санның сауабын алдым,
Көптің обалына қалдым.
Сауап жеңсе, жоғалдым.
Тіріде бір қой беріп
сыйламаған әкеңді
Өлгенде өтірік айтып
қинамасаң қайтеді», - деген екен.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/11/2021)
Просмотров: 163 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: