ШЫНДӘУЛЕТТІҢ ЖӘНІБЕКТІ СӨЗДЕН ТОСУЫ Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен. Олар орыс патшасы Аннадан үш тілек сұрап алады. Біріншіден, жер-су өзіміздікі болсын, екіншіден, өзіміздікі болсын, үшінші.қазақ баласы әскерге алынбасын. Қазақтар шаңырақ басы үш сомнан сбор төлемекші болып келіседі. Патша олардың тілектерін қабылдап, екі жақ та ырза болып тарқайды. Елшілер қыс болып қалған соң қыстап, қар кеткен соң шен- шекпен, алтын табақ, алтын кесе , алтын қасық алып елге қайтады. Троицк қаласынан өтіп, ағаш арасына кіріп келе жатса жылқы қайырып жүрген екі балаға кездеседі.Олардың ьіреуі жылқысын айдап кетеді де, екіншісі тосып, келе жатқан көп адамға сәлем береді.Әбілқайыр қырық кісі мен қайырылмай жүре береді. Жәнібек баланың сәлемін алып, сөйлесіп тұрып: «Бала , бір білмегенің болды-ау?»- депті. «Не нәрсені білмедім, айтыңыз!»- депді бала. Жәнібек :» Біз патшаға барып, шен – шекпен, сый алып келеміз, ағаларыңнан сыралғы сұрамадың ғой»,-дейді. Сонда бала .»Ой, аға, қара қазан, сары бала мен жер- суды сатып әкеле жатқан қымбат олжаларыңды қайтейін»,- депті. Жәнібек бір құлағын қолымен басып, атының тізгіні қолынан түсіп кетіп, теңселіп, ыңыранып, бөлек өскен ағаш арасына кіріп кетеді. Мүны артына қараған Әбілқайыр көріп, бір жігітін жіберіп, шақыртып алып: «Жәнібек, саған не болды?»- деп сұрайды. «Ана баланың айтқан сөзі құлағым түгіл миымнан өтіп кетті»,- дейді Жәнібек. Олар баланы қайта шақыртып. «Бұл қай ауыл?»- деп сұрайды. Бала «Мезгілдінің ауылы»- депті. «Біз қонсақ , мал соя ма?»- депті. Бала.»Тапса біреуін, таппаса екеуін сояды»- дейді. «Алдымызда басқа ауыл бар маэ?»- деп сұраса , «неге болмасын , «әттегеннің» ауылы бар, одан әрі барсаңыз, «ер жастанардың» ауылы бар»,- дейді. Бұл Шындәулет бидің бала кезі екен.. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 147 | |
Всего комментариев: 0 | |