Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Әйтеке би бір жылдары құн даулап, ұлы жүзге келеді. Төлде би Әйтеке биді қарсы алып тұрып.

-Биеке, жол болсын,- дейді.

-Айтқаныңыз келсін, би! Жол болмақ сізден болсын! Тірімен танысқалы елдік, өліге болысқалы келдік,- дейді Әйтеке.

-Бұйрығыңызға құлдық, қылышыңыз болса мойнымызға , құшағымызға, құшағыңыз болса қойнымиызға,- деп Төле би орнынан тұрады.

-Биеке, мойын бұра тұрыңыз,- дейді Әйтеке би.

-Жарлық сізден болған соң жабдық бізден,- дейді Төле.

Төле сыртқа шығып кеткен соң , Әйтеке бірге келген жолдастарына қарап:

-«Ердің құны екі ауыз сөз» деген осы.

Төле би отау тігіп, қыз беретін болды,- дейді Әйтеке.

-Оны қайдан білдіңіз?дейді жолдастары. «Қылышыңыз болса мойнымызға»-дегені айыбымызды мойындаймыз, «Құшағыңыз болса қойнымызда»- дегені өлген кісінің құнына жасаулап қыз береміз дегені еді, мен тұспалдап айнып қалмайсыз ба деп едім, сіз келіссеңіз біз қамына кірістік деп шығып кетеді.Айтқшандай, Төле би құн даулап келген қонақтарына отаулап қыз беріп, екі-үш күнде разы етіп қайтарыпты.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (25/10/2021)
Просмотров: 179 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: