БӨЛТІРІК ШЕШЕН мен ҮРЗИЯНЫҢ СӨЗ ҚАҒЫСУЫ Елді орыс шенеуніктері билеп келе жатқанда, жер дауы жəне басқа алым-салықтарға қарсы болған Бөлтірік шешен қасына бірнеше серік ертіп генерал Черняевқа жолығып қайтуға жолға шығады. Ұзақ жол жүріп шаршаған жолаушылар бір ауылдың тұсына келгенде, əбден шөлдегендерін сезеді. Шешеннің қасындағы серіктері: "Ауылға ат басын бұрып, қымыз ішіп түстеніп шығайық,"- деп ұсыныс айтады. Бұл кезінде Тəуекел Ханның "Жалғызы" атанған Тоқсан Баулы Қоңыратқа ұран болған Алатау Батырдың ұрпақтарының ауылы болатын. Батырдың үшінші ұрпағы Төленші батырдың жер дауымен байқамай туған жиенінің ауылын шауып, налаға ұшырағанын Бөлтірік шешен білетін, сондай-ақ "қырық үйден аспайтын "Құлтай ауылы"- деп аталатынынан да хабардар еді. Бөлтірік шешен ауылға серіктерімен ат басын бұрады. Ауылда асығы алшысынан түсіп тұрған үй байқалмайды. Жолаушылар ауыл шетіне іліккенде бота жетектеп бара жатқан өте реңді сұлу қызға кез болады, жас арудың керемет сұлулығы мен реңіне, ботаның ноқтасын ұстаған ақ білегіне көзі түскен шешеннің серіктері: - Уа, Бөлтірік! Бізді сүйсіндірген мына қызды сөзге тарт, немесе бізді өлтіріп кет,- дейді. Шынында, серіктерінің сөзі мен қыздың реңіне таң қалған Бөлтірік шешен шыдамаса керек: Қаншама жер дауын шешуге қатысып жүрген атақты шешеннің осы сапарында жолы болмайды, қыздың айтқан сөздері есінен кетпей мазасы кетеді. Аты ұранға айналған Алатау Батыр сынды тектінің тұқымы емес пе, бекер-ақ тиіскен екенмін деп, кеш те болса өз қателігін түсініп мойындайды. "Тектінің тұқымы текке айтпайды"- дегендей сапарының сəтсіз болғанын қыздың наласынан көреді де сый-сияпат алып, Үрзия сұлудан кешірім сұрап, сол ауылдың ақсақалдарының батасын алып, еліне аттанған екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 175 | |
Всего комментариев: 0 | |