Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Қанжар тілді Қаба бидің даңқы бір ғана үйсін, найман елі емес, көршілес қырғыз еліне де мәшһүр болған. Ертеде мал-жаны араласып көрші отырған қазақ, қырғыз ауылдары Сырт жайлауына таласыпты. Екі халықтың бас көтерер ер азаматтары атыспақ-шабыспақ бопты. Ауыл ақсақалдарының пәтуа сөздеріне көнбепті. Сонда бір кәриясы тұрып:

- Қырғыз, қазақ болып бәріміз жиылып бұл дауды тындыра алаты түріміз жоқ, қой болмас қанжар тілді Қаба биге ат жіберіп алдырайық. Бұл шиеленген даудың шешуін бір тапса сол табар деп, оған ат жібереді. Ел-жұрт болып құрметтеп шақырған соң Қаба би келеді. Сол жолы ол Албан Суаннан сөзге алдырмайтын, шылауынан шалдырмайтын 40 кісіні ертіп, қырғыз еліне өзі бастап барыпты. Қырғыздар оларды тік тұрып күтіп алады. Сөз сайысына қазақтар Қаба биді, қырғыздар өздерінің майталман жүйрігі Жантай биді шығарады. Не керек, сол жолы екі би ұзақ айтысады. Әуелі Жантай би сөзді былай деп бастайды: «Қазақтың қанжар тілді, Қаба биі ,Албаннан асыл туған дана биі, Айтысам десең сөз дайын, Аңдысам десең жау дайын. Қырғыз-қазақ бір туысқан ел еді, Сырт жайлауы қырғыздың ата жері еді. Тілдің ұшымен шешілмеген Найзаның ұшымен шешіледі. Мен айтарымды айттым, Бұған Қаба не дер еді? Егер пәтуага келмесең, Жайлауды еркіңмен бермесең, Аңдысатын жау боламыз, Найзаның ұшымен, Білектің күшімен, Тартып аламыз...».

Бұл коқан-пешке Қаба би саспапты, Жантайға былай деп жауап қайтарыпты:

«Эй, Жантай би! Жау іздеме досың кетеді. Дау іздеме, косың кетеді. Әсер би дауды белдестірумен шешер, Жеті би елді елдестірумен шешер. Жер - жұтқанға жұмсак майлы талқаны да емес, Қырғыздың айыр қалпағы да емес. Құдай жалғыз, жер иесі сол болады. Токымдай жерге таласқанша, Тең бөліп жайлағаны жөн болады».

Қаба бидің бұл әділ де, даналық сөзі қырғыз, қазақтың ойынан шығып, төбесіне көтеріп әкетіпті. Сол кезде жасы біразға барып қалған Жантай би өзінің орынсыз сөйлегенін мойындап:

- Қазақта қанжар тілді Қаба би бар дегенді көп естуші едім. Менде бір елдің алмас семсері едім. Сен нағыз наркескен екенсің, сенің дегенін болсын, - деп Қаба биді қасындағы жігіттерімен күтіп, сыйлап жіберіпті дейді ел. Міне, содан былай қарай Сырт жайлауын қазақ, қырғыз ауылдары тендей бірге жайлап келеді.

Сол жолы елге қайтып келе жатып, Қаба би қатты науқастанып қалады. Қасындағы жігіттері сасқанынан біреуін елге шаптырады. Бұл хабарды есіткен ел адамдары абыржып, оның аман-есендігін тілейді. Мәнеке болыс бастап ауыл адамдары атқа қонып, Кеген асуында Қаба биді күтіп алады. Сонда Қаба бидің елге қадірменді болғаны сонша Мәнеке болыс кос қолын көкке жайып:

- Е, е, Алла тағала, құдіреті күшті Тәңірім, Қаба биді алғанша, мені ал. Мен өлсем екі балам жетім қалар, ел оларға жетімдік көрсетпес. Ал Қаба би өлсе бүкіл ел жетім қалады ғой, - деп беліндегі кісесін шешіп алып мойнына салып, зарлапты дейді. Кім білсін, сол тілек қабыл болды ма, елге жеткен соң көп ұзамай Мәнеке болыс қайтыс болып, Қаба би айығып кетіпті дейді ел.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/10/2021)
Просмотров: 175 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: