Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Қаба биді көріпкел әулие кісі еді деп те айтады. Ол жөнінде де аңыздар аз емес. Соның бірі мынандай: Қаба би қартайған шағында балаларына енші бөліп беріпті. Өзіне біткен 50 қой-ешкі, 6 сиыр, 3 жылқыны үш баласына бөліп беріп, отаулап бөлек шығарады. Сонда Қабаның кіші тоқалынан туған 15 жастағы Жанкүшік мұны азырқанған екен. Мұны байқаган би "Көктемде кел, Жанкүшік, саган бөлек берерім бар" деп шығарып салады. Жанкүшік көктем шыққанша тағатсыздана күтіп, тағы да мал берер деп үміт қылады. Сөйтсе Қаба би Жанкүшікке: "Сен мынаны ал, түбінде бәрі сенің қолыңа қарайтын болады. Диқаншылық жаса" деп ақыл айтады. Бірақ жыл бойы дәмесі басқада болып жүрген Жанкүшік ашуланып, соқаны жарып-жарып сындырып, тастап кетеді. Мұны көріп тұрған Қаба би ашуланбастан сөл күлімсірепті де: "Ой, ақымақ-ай, малың қырылып, маңдайың тасқа тиер. Сонда ат арытып алыстан соқа сатып аларсың. Бірақ түбінде сенің несібең диқаншылықта", - депті. Айтса айтқандай, кейін Жанкүшік Қытай ауып малы жерсінбей қырылып қалыпты. Содан, қайта оралып, Жанкүшіктің кіші інісі Құсайын қырғыз жаққа барып өгізге артып соқа әкеліпті. Сөйтіп, ол малдың қайыр бермейтінін түсініп, қатесін ұғынып, диқаншылықпен айналысады. Шынында Қаба би айтқандай бүкіл ел жұт болып, мал қырылып, аштық басталғанда Жанкүшіктің қолына қарайды. Осының бәрін алдын ала болжаған Қаба бидің әлгі сөзі әулиелік емес пе?

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (20/09/2021)
Просмотров: 177 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: