Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Бір жолы Сарыкөлді жайлап отырған Асау би оны қонаққа шақырыпты. Асау би Бөкеннен 9 жас кіші екен. Өзінің он жасар Тұрлан деген баласына:

- Бөкен биді шақырамын. Сен тік тұрып қызмет қыл. Қолына су құй, айтқан сөзін тыңда, батасын ал, - дейді. Асау би өзі барып Бөкенді шақырып келеді. Тай сойып бір жұма күтеді. Баласы Тұрлан жүгіріп оған қызмет көрсетеді. Бөкен Асаудан:- Мынау мен көрмеген қай балаң? - деп сұрайды.- Ең кенжеміз Тұрлан ғой, - дейді.- Кенже деме, оның артынан сенде де, менде де туып қалар. Алла жарылқаймын десе, қиын емес, - дейді. Бөкен осыны айтады да, ас-су соңынан Тұрланға:- Ең алдымен адам бол, адал бол, азамат бол, білімге бойла, халық қамын ойла, - деп шұбырта бата береді.

Ел айтады:

- Бөкен би көріпкел әулие екен. Сол жолғы Асау биге айтқаны айнымай келеді. Асау бидің тоқалы көп кешікпей-ақ екі нәресте көреді. Тұрланы білім жолына түсіп оқымысты болды, ұзақ жыл молдалық етіп, көптеген шәкірттер тәрбиеледі.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (06/09/2021)
Просмотров: 192 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: