Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Сәбден 1800 жылы қазіргі Ақмола облысының Алексеевка ауданына қарасты Ереймен тау ауылында туған. Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың шөбересі. Шежіреде Арғынның Қанжығалы руынан Өлдекүн одан Ақша. Ақшаның Тұраналысынан Бапан би туады.

Сол Бапан би бір жиында жастарға оның ішінде отырған Сәбден баласына "ел дегенің немене", "ер дегенің немене?" деген сұраққа былай деп термелей жауап беріпті:
Жағалай елің қонбаса,
Суы түщы болмаса,
Мал-жаның бәрі сусындап,
Мейірі оның қанбаса,
Көл дегенің немене?!
Ынтымақ, бірлік болмаса,
Елдікке мойын бұрмаса,
Үлкеннің айтқан сөздерін
Кішісі қолдап тұрмаса
Ел дегенің немене?!
Еліне құрбaн болмаса,
Абырой бедел қонбаса,
Ағайын-туыс, ел-жұрты.
Батырым-ау деп тұрмаса.
Ер дегенің немене?!
Шайырлы шөп бомаса,
Түлігін жайлап толмаса,
Қатар өсіп мал мен бас
Қуанын елің қонбаса,
Жер дегенің немене?!
Желден пана болмаса,
Қарды бөгеп тұрмаса,
Аңдары қойдай өрмейтін,
Қадірі жоқ қырқалы
Бел дегенің немене?!
Адал жүрек болмаса,
Сөзіне опа қылмаса,
Түзулікті бұрмалап,
Өтірікті шыңдаса.
Кең дегенің немене?!
Атан түйе атамай!
Ат-айғырды матамай,
Шын икемге келмесе,
Түзу-жөнді білмесең.
Төл дегенің немене?!
Арыңды сатпа, малынды сат,
Жалған айтып болма жат.
Жалған айтып жандассаң,
Жүрегімде қалар дат.
Тегінде жөнді білерсің,
Түзулікке келерсің.

Бекер айтты деп жүрме.
Түбінде бір сенерсің.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/08/2021)
Просмотров: 184 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: