ДЕГЕН ЕКЕН... Қанжығалы елінде Бекше деген де шешен болады. Оның жасы Саққұлақтан бір мүшелдей үлкен болса керек. Өзіне мал бітпеген кедей екен. Бекше көбінесе Саққұлақтың қасына еріп жүреді. Бір себептермен ол бір жолы Саққұлаққа ермей үйінде жатып қалады. Осы кезде ел арасынан бір дау шығады. Ол даудың бір ұшы Бекшеге барып тіреледі. Енді ол дауды Бекшесіз шешуге болмайтынын сезген Саққұлақ әйеліне қарап: - "Кедейдің бір тойғаны шала байығаны". Бекшеге сыбаға жіберіп, шақыртшы! - дейді. Саққұлақтың әйелі Бекшені онша жақтырмайды екен. Нұралы деген баласын жұмсап, бір қоржынбас сыбаға беріп жібереді. Бекшенің әйелі қоржыннын аузын сөгіп, етті казанға салса, өңкей қатқан-құткан сүр етпен бір жауырын ғана дейді. Ет піседі, Бекшенің алдына тартылады. Еттің сыңайын көрген Бекше қасындағы Нұралыға карап:- Байқаңыз еттің азын жауырыннан, Бұл сөзге Нұралы қатты ұялып, намыстанады. Шешесінің қараулығына іштей наразы болады. - Әкем мені шақырып кел деп әдейі жіберіп еді. Беке жүріңіз, біраз күн аунап-қунап жатып қайтыңыз? - дейді. Сонда Бекше шешен оған былай депті. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 191 | |
Всего комментариев: 0 | |