Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққүлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағлымды әңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрақ қойып:

- Ақсақал біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? - дейді.

- Шырағым, көнеден сұрайды, - дейді шешен.

- Көне адасса, кімнен сұрайды?

- Көне адасса, көргендіден сұрайды.

- Көргенді адасса, кімнен сұрайды?

- Көргенді адасса, көптен сұрайды.

- Көп адасса, кімнен сұрайды?

- Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.

- Көп оқыған адасса, кімнен сұрайды?

- Көп оқыған неге адассын! Әлгінде ғана Сатыбалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы дастанын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың? - дейді шешен. Содан соң:

- Асылы, ақыл - адамды аздырмайтын ем.
Білім - таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі - талап.
Шолғыншысы - ой.
Жолдасы - кәсіп.
Қорғаны - сабыр.
Қорғаушысы - мінез.
Біліп туған бала екенсің
Тумысыңнан дана екенсің, - дейді, Шоқанға риза болған шешен.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/08/2021)
Просмотров: 173 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: