ДЕГЕН ЕКЕН... Шоқанның рухани жағынан пікірлес сүйікті нағашысы, талай жыл Баянауыл дуанының аға сұлтаны болған Мұса Шорманов 1885 жылы 66 жасында дүниеден өтеді. Онымен қатар Ерейментауда қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі Саққұлақ бидің баласы Нұралы да қайтыс болады. Осыған байланысты екі жағы дабір-біріне көңіл айтысып, бата жасаса алмай жүрсе керек. Ақыры Мұсаның асына 86 жастағы Саққұлақтың өзі келгенде алдынан даяшы шығып, арнаулы үйге түсіреді. Аздан соң оған Мұсаның Сәдуақас, Біләл деген балалары сәлем беруге келеді. Сонда Саққұлақтың айтканы: "Атаң өлді барлықтан,Көтердің оны нарлықтанЖеріміз шалғай болған соң,Келе алмадық сондықтан.Ей, Сәдуақас пен Біләл -Сөзіме құлағың сал.Сендер атам-ай дейсің,Мен ботам-ай деймін.Жөн менікі еді,Менің тойыма Мұсажан келіп.Мұсажанның тойынаНұралыжан келетінЖөні бар еді.Пенденің сұрағаны болмай,Алланың калағаны болады деген осы,Шүкіршілік етіңдер..." деп көңіл айтыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 181 | |
Всего комментариев: 0 | |