Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ Мүсетті бұрын көрмеген екен.

- Кімсің-ей? - депті.- Уа, мен Керей Мүсетпін.- Е, Керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет сен бе едің? Сонда Мүсет:- Е, кешегі заманда еліңді жау шауып, қызыңды қатын, қатыныңды отын қылған екен, о да менің қырсығым болғаны ма? - Саққұлақ сөзден тосылып қалып, қылышын ала ұмтылыпты. Мүсет үндемей үйден шығып кетіпті. Оны көріп Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп:- Е, Мүсеке, би атама сәлем бермедіңіз бе, жол болсын?- Ағама барып едім, жынданып жатыр екен, - депті, Мүсет.- Олай болса, би, біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз, - депті Нұралы. Мүсет "жарайды" деп ілесіпті. Есікке жақындағанда бұрылып Саққұлақтікіне қайта кіреді. Сонда Саққұлак Мүсеттің сәлемін алып:- Ей, Мүсет-ай, жарайсың, мені екі өлімнен алып қалдың-ау, жұрт мақтаса - мақтағандай екенсің, - депті. - Өйткені мен қылыш ала ұмтылғанда шабуым керек еді, шаптырмадың. Ол - бір. Екінші, сол бетіңмен кетіп қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма?

* * *

Сарқанттағы Тұрысбек қажы, Көгенай төре тағы бір байлар, болыстар бас қосқан жиында Тұрысбек қажы Шиырбай шешенді сынамақ болып:

- Ширеке, осы Мүсіреп шешен қандай адам? - деп сұрапты. Сонда Шиырбай:- Мүсіреп шешен жанған оттай, атқан оқтай! - депті.

Енді Көгенбай төре сұрапты:

- Шербай бай кандай?- Алғаны кайтпайды, көргенін айтпайды.- Ал, мынау отырған өзіңіз қандайсыз? - дегенде, ол:- Аяқтыға жол бермейтін, сөйлерге келгенде, сөз бермейтін шешен, - деп Мүсіреп айтпап па еді. Мен сондаймын, - депті.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/07/2021)
Просмотров: 188 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: