ДЕГЕН ЕКЕН... Кенесары хан бастаған азаттық көтерілісі кезінде Қарадостың ауыл-аймағы ерте көктемде көшіп, Сырдарияның мұзы түспей тұрғанда өтіп, Қарақұмға қарай бет алып конады. Бұл кезде Қарадос әбден қартайып, атқа біреу көтеріп мінгізіп, түсіріп, көш бойы атын біреу жетелеп отырады екен. Жаңа қонған Қарадос ауылының жылқысын Кенесарының сарбаздары айдап кетіпті. Ауыл адамдары жылқының артынан куып Кенесары сарбазына табандап бара алмай, шағымын Қарадосқа келіп айтады. Қарадос: -Мені атка мінгізіп, атымды жетелеп, Кенесарының өзіне алып барыңдар, - дейді. Кенесарының ордасына келсе, қарауылшылары ордаға жақын жібермейді. Қарадос оларға: -Ханға айт, мен аттан түсе алмаймын, түссем міне алмаймын, ат үстінде тұрып айтатын арызым бар, - дейді. Кенесары үйінен шығып, қартты көріп, сәлем беріп, арызын сұрайды. Қарадос: -Мен Абылайдың тұсында атқа шапқан бала едім, Қасым сұлтанның тұсында акыл айтқан дана едім, ал Кенесары сенің тұсында жылқысынан айырылып, жоқ қараған шал едім, - депті. Кенесары сарбазына бірден бұрылып: -Қарекеңнін жылқысын алдына салып беріңдер! - деп бұйырыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 173 | |
Всего комментариев: 0 | |