ДЕГЕН ЕКЕН... Бекболат бидің картайған шағында сол өңірдегі арғындар жиналып оған барыпты: - Өзіңіз болса қартайдыңыз, енді орныңызға қай балаңызды қоясыз? Бекболат "Қайсы балама билікті берсем екен",- деп біраз ойланып отырып қалады. Онысы тоқалынан туған Тіленшіні атайын десе, қасында отырган адуынды бөйбішесінен бата алмағаны еді. Осы жағдайды сезе қойған шымылдық ішінде отырған Тіленшінің қарындасы шымылдықты түріп тастап: - Қаракесек он екі ата арғынды Бекемай балалары билеп келді. Енді Бекемай шешем тізгінді берсе несі бар? Атамыздың Бекемай шешемнен қорқатын несі бар?! Тоқалдан туды демесе, Тіленші жанның ел билемейтін несі бар?! - депті де, шымылдықты қайта жауып қойыпты. Кыздың бұл сөзіне үйдегі үлкен-кіші бәрі елең ете калады. Темен қарап көзін жұмып ойланып отырған Бекболат ақсақал басын көтеріп көзін ашыпты: - Бала дұрыс айтады. Менің де сол немеден үмітім бар еді. Өзі кайда жүр екен? Бөйбішесі мұны жақтырмаған сыңай білдіріпті: - Ел билеу жұмысымен ісі жоқ, сол немені кайтесің? Қойшы-колаңмен ойнап, қаңғып жүрген-ді. Бекболат: - Бәйбіше, ана бір күні түс көріп едім, саған соны айтайын. Түсімде осы үйдің боз інгені боталапты. Тура өзіне ұқсаған ақ бота екен деймін. Сол ақ ботаны Тіленшіге бөсіре етіп беріппіз. Әлгі ақбота бір шөгіп, бір тұра береді. Мұнысы несі дейміз? Ояна кетсем түсім екен. Оны өзімше былай жорыдым: билікті Тіленшіге береді екенбіз. Ол неме елді бір бұзып, бір түзеп, ақырында тура жолға салады екен... Шақырыңцаршы өзін мұнда? Осы кезде Бекболаттың есік жақта жүрген күтуші жігіті: - Жылқы суғаруға кетіп еді, мен казір шақырып келейін. - Ол өрістегі жылкыға карай шаба жөнеледі. Жылкы суғарып, өргізіп, жылкышылармен асыр салып, жарысып ойнап жүрген Тіленшіге барады: - Сені би атам шақырып жатыр. Үйде бір топ кісілер отыр. Сені би сайламақшы, тез жүр? Тіленші әкесінің шақыруымен барса, кісілер ет жеп, бата қылып жатыр екен. Бәрі "жоғары шық, Тіленші?" деп жатады. Бір қария: - Әкең болса қартайды, сен болсаң марқайдың. Бұл не жүрісің, малшы- жалшыға жанасып! - десе, Тіленші былай депті: - Әкем он екі ата арғынды биледі. Елдің жуаны келсе, қабағын ашып сөйледі, кедей-кембағалы келсе, елемеді. Кедей, жалшылар жасқанып оның алдына бара алмады, сөзін айта алмады. Егер маған билік тисе, алдымен сол малшы-жалшыларға қарасып, сөзін сөйлер едім. Тіленші осылай дегенде, жуан қарын бір бай: - Биеке, өлгіде, бұл неме, елді бір бұзып, бір түзеп жүре ме дегеніңіз осы екен ғой, - дейді. Сонда Бекболат - Мейлі, түзесе де, күзесе де, өз елі ғой. Аяғы жаман болмас. Билікті бердім, - деп, батасын беріпті. Сөйтіп, ел басшы, қариялар Бекболатты қуаттап, оның баласы Тіленшіні би етіп белгілепті. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 182 | |
Всего комментариев: 0 | |