ДЕГЕН ЕКЕН... Бекболаттың жас кезі екен. Бір жолы Абылай хан оны үлкен бір дауға жүмсапты. Алшынның билері игі жақсылары оны күтіп алады. Әңгіме сөзге салып көреді. Бекболат әкесі Қаз дауысты Қазыбекке ұқсап, шешен сөйлеп отырады. Кіші жүздің биі: - Мұны сөзден жеңе алмайды екенбіз. Өзі кара суша ағып тұр екен. Ишара, түсінігін байқап көрейік депті де: - Екі қолын айқастырыпты. - Бекболат "құп болады", депті. Анау: Қолын сермеп-сермеп қояды. - Бекболат '"кұп болады" депті. Анау: Екі қолын түйістіріпті. - Бекболат "Құп болады" депті. Енді Бекболат: Он саусағын көрсетіпті. — Алшынбай "құп болады" депті. Екі жағы "дау шешілді" деп, таркасыпты. Бекболат жігіттерімен елге келеді. Абылай хан әуелі Бекболаттың қасына еріп барған жігіттерді шақырып сұраса, олар: - Біз ешнөрсесіне түсінбедік. Ол елдің биі қолымен ишара қылды. Бекболат "құп болады" деп отырды, - дейді. Бір жігіт: - Өзінен сұраңыз, - деп Бекболатты ханға шақырып келеді. Сонда Абылай: - Дау шешімін тапты ма? - деп сұрайды. - Дау тез шешілді, - дейді Бекболат.- Көп айтыс-тартысқа бармадық. Ол елдің биі: - Екі қолын айқастырды - бұл оның алысуға жараймын дегені еді. Мен "кұп болады, мен де дайынмын" дедім. Ол: - Екі алақанын жұмып-ашты. Бұл оның: Ашсам - алақанымда, жүұмсам - жұдырығымда, татуласайык дегені еді. Мен "кұп болады" дедім. Ол: - Қолын сермеп-сермеп ишара қылды. Бұл оның; - Қылыш сенде де бар, менде де бар, кылыш сермемей-ақ қояйық, - дегеі еді. Мен оған да "құп болады" дедім. Ол: - Екі қолын түйістірді. Онысы: құшақтасып дос болайык, - дегені еді Мен "кұп болады" дедім де, оган он саусағымды көрсеттім. Мұным: - Олай болса, он күн ішінде тарту-таралғынмен Абылай ханнын алдыні бар, - дегенім еді. Ол "кұп болады" деді. Мінекей хан тақсыр. Ол дау осылаі бітті. Енді Алшын аулынын адамдарын күтіңіз, кешікпей келіп қалар, - депті Бекболат би. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 169 | |
Всего комментариев: 0 | |