Шешендік сөздер

ДЕГЕН ЕКЕН...

Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай: "Аралбайдан туған Бөйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады. Абылай хан билерін жинап алып, құныкерге өлім жазасын бұйырғанын хабарлайды. Ханның сегіз биінің бірі - немере ағасы Байдалыға Бәйтелі жаутаңдап қарай берсе керек. Сонда Байдалы би: "Несіне қарайсың, лақ құрлы жоқсың ба, бауыздайын деп жатқканда ол да бақырады ғой", - дейді. Байдалының сөзінің астарын түсінген Абылай өлім жазасын кешіріпті. "Жеті жарғыдағы" құн төлеудің нарқы атам заманнан белгілі. Ал, қара бұқара төре тұқымын өлтірсе бұдан былай екі кісінің құнын тартады. Сондықтан Бөйтеліге осы жаза қолданылсын", - дейді.

Байдалыдан басқа билер бас шұлғып мақұлдайды. Байдалы: "Тақсыр хан ием, есік алдында сіздің торы төбел тұлпарыңыз байлаулы тұр. Соның төбеліндегі түгі көп пе, жоқ, тұла денесіндегі түгі көп пе?" - депті. Абылай: "Әрине, тұла денесіндегі түк көп", - дейді. Байдалы би сөзін жалғап: "Олай болса төре түқымы ат төбеліндей аз. Мен жаңа тетелес інім Жөнекеңе (Бөйне мен Аралбай бір әкеден, Байдалы Бекшеден, Бәйтелі Аралбайдан туған. Байдалы тетелес немере інісін Жөнекең деп еркелетіп атаған. Содан Бәйтелі аты ұмтылып, Аралбайдан тарайтын бір тайпа ел Жөнекең руы атанып кеткен): "Бауыздайын деп жатқанда лақ та бақырады ғой, бақыр", - дедім. Ол бақырып аруақ шақырса, ұранға шаппайтын ел болмайды. Сізге қамтуыңыздағы қалың бұқара қарсы шығады. Арғысы Арғын, берісі Мейрамның бес баласы дүрліксе, хан болып тұүра алмайсыз. Сондықтан адамнан адамның артықшылығы жоқ, төре тұқымына екі құн төлей алмаймыз. Бір кісінің қүнын төлейміз, ал құн даулап отырған адамыңыз нағыз төре болса, талша мойнымыз қылша. Ал, бірақ Бөйтелінің жалалы болған адамы күңнен туған, түбі шикі. Сондықтан жарты құн төлейміз", - деген екен. Сонда Абылай "Сегіз биім,сегіз биімнің ішіндегі семіз биім" деп Байдалының кесіміне тоқтапты. Сол даудан кейін Байдалы "Абылай аспас сары бел" атанып кеткен екен.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/06/2021)
Просмотров: 173 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: