Шешендік сөздер

ҚАЗЫБЕК пен БҰҚАР

Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.

Төсекте жатқан Бұқар жырау:

— Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші,— деген екен.

Сонда Қазыбектің берген жауабы:
Бір дегеніңіз — бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз — егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз — үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегеніңіз — төсекке шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз — білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз — аймағын билей алмаған адам жаман.
Жеті дегеніңіз — жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз — серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз — толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз — өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/05/2021)
Просмотров: 241 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: