Шешендік сөздер

ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:

— Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті.

Жиналған халық көп дағдарып:

Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті.

Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.

Сонда Жәнібек хан:

— Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.

— Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.

Сонда Қарабас:—Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! — депті де:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім,— дейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/05/2021)
Просмотров: 178 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: