Шешендік сөздер

ТӨЛЕ БИДІҢ ТӨРІНДЕ

Сөзге жаңа ғана араласып, билік айтуға талаптанып жүрген үш жас жігіт сәлемдесіп, жүз көрісіп әрі ой жарыстырмақ ниеттермен Төле бидің үйне келе қалады.

Төле бидің жасы ұлғайған шағы екен. Құс жастық, мамық төсекте жатса керек. Қасында жастау келіншегі отыр екен. Үйге сәлемдесе кіріп келген үш жігіттен жөн сұрасқан Төле би оларға: «Төрлетіңдер», дейді. Әдет бойынша, қонақтарға сый-құрмет көрсету керек. Ас-су қамдап, кіріп-шығып жүрген келіншектің жүріс-тұрысы өте тәрбиелі, тым сыпайы, оның үстіне көз жауын алғандай сұлу да екен.

Келіншекпен дидарласуға биден бата алмай жігіттер бірін-бірі көз қиығымен түсініп отырады. Шыдамы таусылғандай, шай үстіңде келіншекті сөзге тартпақ ниетпен шешендеу біреуі киіз үйдің іргесін түріп жіберіп: «Анау судың бойындағы, мынау көлдің жағасындағы кімдердің ауылы?» деп сұрай берсе керек. Сонда келіншек: «Үлкен-үлкен көлдердің бойында, үлкен-үлкен билердің ауылы тұрады, өздеріңдей шолақ билердің ақылы көзінің ұшында тұрады» деп жауап берген екен. Келіншектің жауабынан кейін жас билер Төле бимен сөз жарыстырмай-ақ, тез аттанып кеткен көрінеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/04/2021)
Просмотров: 158 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: