Шешендік сөздер

ҰРПАҚҚА ЖЕТКЕН АТАЛЫ СӨЗ

Ертеде бір үлкен жиында біреу Өзі жалғыз, кедей, баласыз, жарлы биді менсінбей, мұқатамын деп былай депті:
"Жалғыз құсап жалтақтамай,
Жарлы құсап жалбақтамай,
Құлақсыз құсап шұнтыңдамай,
Құйрықсыз құсап құнтыңдамай сөйле," - дегенде.

Сонда өзі жалғыз , жарлы , баласыз би:
"Жалғыз дегенің Құдайды мінегенің,
Жарлы десең Пайғамбарды мінегенің,
Құлақсыз болсам, сұңқар шығармын,
Құйрықсыз болсам, тұлпар шығармын.
Құдайдың маған берейін десе баласы жоқ па ?
Сенің балаңды алайын десе бәлесі жоқ па?
Қой көп тапқанда егіз табады,ит сегіз, доңыз
тоғыз табады.
Сонда да адалдың (қойдың) тұқымы көп.
Адалдық пен Әділдік тозбайды.

Арам тәкаппарлар озбайды"- депті.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (12/04/2021)
Просмотров: 187 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: