ДЕГЕН ЕКЕН... Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ серісі-ай! – деп келіп от деңгейінде көрісіп амандасады. Үйдегі Мейрамның алты ұлы не сәлем бермейді, не сәлем алмайды. Болыстың үлкен ұлы Сейілбек Жанайдаров деген орысша оқыған шенеуік екен, сол: – Қарауылдың қаршадай қара сақалтайына қатындарша көріспей-ақ отырып амандасу да жететін еді ғой, – депті жақтырмай. Сонда Ақан сері отырмастан: – Атандың Мейрам қажы жұрттан асқан, – Балалардан бір білместік іс өтті. Кешіре гөр. Үйге түс, – дейді шылауына оралып. Ақан: «бір шығып қалған соң қайта кіру әбестік болады» деп оралмайды. Мейрам: «балалардың айыбы» деп 25 сом ақша ұсынады. Ақан ақшаны ұстап тұрып: – Емес пе айтылған сөз атылған оқ, Түсінік: «Туған ба балаларың бәрі ойнастан» дегені Мейрамның үшінші әйелі жылқышымен көңілдес болып, Мейрамның өзі ұстап алған. «Бастаймын Жанайдардан етіп дастан» дегені Мейрамның әкесі Жанайдар батыр Кенесары, Наурызбайдың қолында болған. Наурызбай төре Жанайдардың келіншегімен көңілдес болады. «Мейрам Наурызбайдың баласы» деген сөз ел ішінде жиі айтылады. Мейрам бетке таңба осы оқиғаларды Ақан сері өлеңіне қоса ма деп қысылғандағы ақиқат еді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 179 | |
Всего комментариев: 0 | |