АСТЫ СЫНАП-МІНЕМЕ! Бірде Ібіліс Алла тағаланың әділдігін сынамақ болып: – Уа, Тәңірім, сен – әділетті шеберсің. Дүниеде бар заттың орнын белгіледің. Артық-кем етпедің. Әділдігіңде шек жоқ. Бірақ жерге қазық қағылғанда оның орнындағы топырақ қайда кетеді? – деп сұрайды. Хақ тағала: – Кімде-кім біреудің үйінде мейман болып, берген асын жемей тыжырынып, астамсыса, соның аузына құйылады, – дейді. – Мейман риза болса ше? – Онда қонаққа оң қабақ танытпаған үй иесінің аузына құйылады. – Үйдің иесі де, қонақ та риза болса ше? – Онда қазықтың орнындағы топырақ сенің аузыңа құйылады, – депті Құдай. Ібіліс аузынан қағынып, жүгіре жөнеліпті. Содан бастап адам алдына келген асты сынап-мінемейтін болыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 153 | |
Всего комментариев: 0 | |