АДЫРАСПАН ТҰТАТУ Діни аңыздарда адыраспанға кие бітірген Әзіреті Мұхамбет пайғамбар делінеді. Ертеде төрт шадиярдың бірі Әзіреті Оспан әскер бастап жорыққа шығыпты. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа шашыратып қуыпты. Түнімен азан-қазан болып сахабалар аттарын іздейді. Ертесіне Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалғанын көреді. Оның кісінеген дауысын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналған екен. Оспан да серіктерін ертіп, жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса, барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Оспан адыраспанды дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады. Елге келген соң, Мұхамбет пайғамбарға болған жайды баяндайды. Пайғамбар: – Бұл шөптің аты қалай? – деп сұрады. Оспан: – Мұны адыраспан деп атадым, – деді. Пайғамбар: – Ұлық Алла бұл шөпті себеп қылып, бір апаттан сақтапты. Бұдан кейін де адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін, – деп, аят оқып, шөпке дем салған екен. Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты. Осыған орай ел ішінде: әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 166 | |
Всего комментариев: 0 | |