АДАМДЫ МАЗАҚТАМА Нұх пайғамбар кеме жасап жатқанда, бір қылжақбас күнде оны мазақ етеді екен. Оның құйтырқы сөздеріне Нұх шыдай алмай, кейде жылап жібереді екен. Ол: – Мына жындының ісін қараңдар, су жоқ жерге кеме жасап жатыр. Кемеге барлық жануарды жинамақшы. Кемеде қасқыр мен қой, түлкі мен тауық қайтіп бірге тұрады? – деп әжуалайды екен. Бір күні апат басталып, барлық жануар Алланың әмірімен кемеге мінеді. Кеменің есігі жабылар соңғы сәтте Жебірейіл періште бір мақұлықты сүйреп әкеліп: – Әй, Нұх, мынау – сені әжуалап, талай рет жылатқан қылжақпас. Момынды мазақтаған – Құдаймен ойнағанмен бірдей. Сені нала қылғаны үшін Алла оны маймылға айналдырды. Оны ала кет. Топан судан қалай аман қалатыныңа куәгер болсын, – дейді. Қылжақбас адам маймылға айналып, хайуандардың қарасын көбейтеді. Содан бері өзі де елдің мазағына ұшырап келеді екен. «Кісіні мазақ етпе» деген тыйым осыдан қалыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 170 | |
Всего комментариев: 0 | |