Салт-дәстүр сөйлейді

ӘЙЕЛДІҢ СӘН-САЛТАНАТЫ

Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемісті жеп, жұмақтан қуылады. Алланың әмірімен періштелер Адам атаның басындағы тәжінен бастап інжу-маржан әшекейлеріне дейін түгел алып қояды. Хауа ананың сәнді бұйымдарына тиіспейді. Оның дүр-жауһар сақинасы, інжу-маржан тәжі, лағыл моншақтары, сәнді бояулары бәрі сол қалпында қалады. Адам ата:

– Иә, Алла, неге менің сән-салтанатымды тартып алдың да, Хауаға тиіспедің? – деп сұрайды. Тәңірі тағала:

– Әй, Адам, сен күн болсаң, Хауа – сенің шұғылаң. Ер-азамат – әйелдің қорғаны. Негізгі жауапкершілік сенің мойныңда. Хауаны саған нығмет етіп жараттым. Сенің кесіріңнен оны жазаласам, менің Әділдігім қайда қалады? - дейді.

Әйелдің әдемілікке, әшекейге құмар болатыны, алтын жүзік, күміс сырға тағынса, ажарлана түсетіні содан екен.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (31/08/2021)
Просмотров: 174 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: