Салт-дәстүр сөйлейді

АҚТЫ АЯҚАСТЫ ЕТПЕ

Бірде Шайқы Бұрқы Аллаға:

– Уа, Тәңірім, осы сенің де өлетін кезің бола ма? – деп сұрапты.

– Иә, әрине. Мен күнде өлемін, – деп жауап беріпті. Мұндай жауапты күтпеген Бұрқы сасып қалып:

– Қалайша сен өлесің? Сен әуелден бар, мәңгі жасаушы Ұлы Құдірет емессің бе? – дейді. Сонда Алла:

– Егер жер бетінде біреу ақты қадірлемей, аяқасты етіп қорлайтын болса, мен сол сәтте бір өліп-тірілемін, – депті.

Содан бастап Шайқы Бұрқы сүттен жасалатын тағамдарды қадірлеуді кеңінен насихаттайтын болыпты.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/07/2021)
Просмотров: 183 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: