ӘЖЕТХАНАДА СӨЙЛЕМЕ Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі: – Ұлым, дәретте отырғанда сөйлейтініңді байқадым. Мұның теріс дағды, – дейді. – Онда тұрған не бар, әке? – дейді. – Сенің әрбір сөйлеген сөзіңді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта «Кироман-Катибин» дейді. Періштелер – өте пәк жаратылыс. Адам әжетханаға кіргенде, олар лас жерге кірмей тыста тұрады. Сен әжетханада сөйлесең, періштелер сөзіңді жазу үшін амалсыз шайтанның үйіне кіруге мәжбүр болады. Бұл – Құдайға ұнамас қылық, – деді әкесі. Бала жаман әдетінен тыйылыпты. «Әжетханада сөйлеуге болмайды» деген тыйым осылай шыққан екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 191 | |
Всего комментариев: 0 | |