БАҚЫТТЫҢ ТҰРАҒЫ Бір күні Қызыр ата жолаушылап келе жатып Бақытты кездестіреді. Ол: – Сұрағың орынды, Қызыр баба! – деп әдеппен тағзым етеді. – Мен, ең алдымен, ісінің берекесі жоқ, сөзінің келекесі көп адамға дарымаймын. Ата-анасын сыйламайтын, оларға қызмет қылып, жандарын қинамайтын надандармен жұлдызым қарсы. Есірік ұл мен кесапат қыздан, ата-енесін күтпеген келіннен алпыс қадам аулақ жүремін. Әсіресе, Аллаға зікір айтпайтын, иманын дұшпаннан қорымайтын, көрші ақысын жеуден қорықпайтын жандармен Құдай жолымды түйістірмесін деп күніне сан мәрте дұға қыламын, – депті. Қызыр ата тағы да: – Ал қайда тұрақтайсың? Кімнің шаңырағына шаттық бересің, кімнің басына бақ болып бітесің? – деп сұрайды. Бақыт іркілместен: – Менің ең жақсы көретінім – ата-анасына құрақ ұшып қызмет ететін, бірлік пен ынтымақты ырыс деп ұғатын жандар. Өзгені күндеуден, кісіні мінеуден аулақ момындарды іздеп жүрем. Алланың есімін жаттаған, адалдан басқа татпаған ақжүрек жандармен жылдам жұғысамын. Сахар тұрып, сәресі ішіп, ораза ұстайтын тақуамен тез тіл табысамын. Бейбітшілік пен берекені ту еткен кісілермен тіл қатыспай-ақ ұғысамын, – деген екен. Қызыр ата шаттанып: – Ендеше сен қонған жанға мен де даримын, – дейді. «Бақ қонып, Қызыр дарыған» деген сөз осыдан қалған екен деседі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 174 | |
Всего комментариев: 0 | |