КӨК ШӨПТІ ЖҰЛМА Бір аңыздарда Нұх пайғамбар Қазығұртқа тоқтағанда оның қауымда қырық адам болған екен деседі. Оның ішінде бес жасар баласы бар бір әйел болыпты. Баласының аты Көк екен. Нұх қауымына: – Жердің қарасы көрініп келеді. Балауса шөп енді өсіп жетіледі. Жаңа шыққан өсімдікті жұлмаңдар! – деп ескертіпті. Ақылсыз бала оның насихатын құлаққа ілмейді. Ол жаңа гүлдеген шөптерді бей-берекет жұлып ойнапты. Тұқым шашуға жақын қалған әдемі гүлдердің наласы ұрса керек, сол түні бала науқас тартып жатып қалады. Таңға жетпей жан тапсырады. Артынша ызғар жел тұрып, күн қатты суып кетеді. Қырық адамның бәрі түрлі аурудан ажал құшады. Нұхтың үш баласы ғана апаттан аман қалыпты. Ел ішіндегі «Нұх қауымындағы қырық жан желден өлді, бір бала көктей солды» деген сөз осыдан қалыпты. Қазақ арасында «көктемде көк шөпті жұлма, көктей соласың» деген тыйым осыған орай айтылған деседі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 168 | |
Всего комментариев: 0 | |