Салт-дәстүр сөйлейді

КІСІГЕ ҚАРАП ЕСІНЕМЕ

Ертеде Мұхамбет пайғамбар сахабаларымен сұхбаттасып отырыпты. Жүрек көзімен қараса, жандарында Ібіліс те жүр екен. Пайғамбар одан:

– Әй, малғұн, мұнда не істеп жүрсің? – деп сұрайды.

– Мен үшін қолайлы мекеннің бірі – есінеген ауыз. Ауызды ашып есінесе, байқатпай түкіріп жіберем. Сосын ол адамның аузы бейпіл сөзге бейім келеді, – депті. Пайғамбар оның сөзін естіп, селк ете қалады. Сол сәтте Тәңірісі одан қорғанудың сырын ашады.

– Адамның оң қолында менің шарапатым болады. Есінеген адам алақанымен аузын жапсын. Сол кезде Ібіліс ол ауызға ылаңын сала алмайды, – дейді.

Содан бастап Пайғамбарымыз сахабаларына есінеген кезде оң қолының сыртымен аузын басу қажет екенін ескертіпті.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (07/06/2021)
Просмотров: 185 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: