Салт-дәстүр сөйлейді

ҮЛКЕННІҢ ЖОЛЫН КЕСПЕ

Бірде Әзірет Әлі жолда келе жатқан бір шалдың алдынан менсінбей кесіп өтеді. Мұны байқап қалған Мұхамбет пайғамбар:

– Әлижан, қарттың жолын неге кестің? –деп сұрайды.

– Ол кісі мұсылман емес қой. Ондай құрметке лайық көрмедім, – дейді Әли.

Пайғамбар:

– Әли, есіңде болсын! Үлкен кісіге құрметі жоқ жанды Тәңірім сүймейді. Ол мұсылман болмаса да,сақалының ақтығы сенің бәсіңнен артық. Барып, одан кешірім сұра! – дейді. Әзірет Әлі қайтып келіп, қариядан кешірім сұрайды. Ол:

– Неге кешірім сұрайсың? – деп қайран қалады.

– Мен тәкаппарлықпен жолыңызды кесіп өттім, сізді менсінбедім. Сол үшін кешіріңіз, – дейді. Сол сәтте әлгі қария Қызыр бабаға айналып шыға келеді.

– Әй, Әлижан, мен сені сынап едім. Егер артыңа қайырылмай кете бергеніңде, тәкаппарлық сені тозаққа түсірер еді. Құдай бір апаттан аман сақтапты. Өркенің өссін! – деп, батасын береді. Әли сыннан аман өткеніне шүкірлік айтып, пайғамбарға келеді.

Расул:

– Әй, Әли мен саған «Ол қарттың сенен бәсі артық» деп айтып едім ғой. Бұдан былай үлкеннің алдын кеспе! – дейді. Осыдан бастап, пайғамбардың бұл сөзі қауымға тез таралып, келе-келе көркем сүндеттердің біріне айналыпты.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/05/2021)
Просмотров: 176 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: